Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • en
  • ru
  • Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің жанынан құрылған «Балауса» жазғы демалыс лагерінің есебі.
    (І кезең, 6-күн)
       «Балауса» жазғы демалыс лагерінің алтыншы күні «достық күні» деп аталды. Тәрбиешілер балаларды қабылдап, тіркеуден өткізген соң, бой жазу жаттығуларын бастады. Пародия кеші ұйымдастырылып, әр топтың оқушылары өз тобы үшін отандық және шетелдік әншілердің қимылын ғана емес, сонымен бірге бейнесін де сомдауға тырысты. Бүгінгі күн балалар үшін өте маңызды болмақ, өйткені оқушылар бір – бірімен жақын араласып, сыйласып, достасып үлгерді. Осы арада өткен алты күн ішінде талай қызықты да көңілді күндерін бірге өткізген олар, енді міне қимастықпен қоштасқалы тұр.  Тәрбиешілер де балалардың көңілін жайландырып, күндерін қуанышты өткізу үшін «Қимаймын, достар, сендерді» атты гала концерт ұйымдастырмақшы. Концерт соңында оқушылар көрсеткен өнеріне қарай марапаттау қағаздарымен марапатталады. Сонымен қатар, мектеп психологының ұйымдастыруымен балаларға арналған қызықты «Досыма хат» және «Сиқырлы сөздер»  тренингтері ұйымдастырылды. Кейін оқушылар «Балауса» лагерінің ағашына өздерінің естелік қолдарын қалдырды. Кеш соңында балалар да, тәрбиешілер де көңілдері көктем болып, мерекелік көңіл күйде үйлеріне тарасты.

     

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки